Биыл білім гранты әлдеқайда аз бөлінеді

2025 жылы Қазақстандағы жоғары оқу орындарына (ЖОО) түсу үшін 93 мың грант бөлінеді. Бұл туралы бейсенбі, 24 шілдеде премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев хабарлады. Грант саны былтырға қарағанда 19 мыңға аз. 2024 жылы 112 мың грант бөлінген.
Вице-премьер Ермек Көшербаев үкіметтегі баспасөз мәслихатында білім беру саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Оның айтуынша, биыл ЖОО-ға түсу үшін, магистратура мен докторантураны қоса алғанда, 93 мың грант бөлінеді.
Студенттік стипендиялар мен колледждерді қаржыландыру екі есе өсті.
Республикада жетекші шетел университеттерінің 24 филиалы ашылды. Жаңа жатақханалар ашылып, орын тапшылығы 72%-ға қысқарды.
Вице-премьер жыл басынан бері елде 13 мың балаға 172 балабақша ашылғанын хабарлады. Соның нәтижесінде балабақшағы кезек азайып келеді.
1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақ ішеді. Олардың ішінде әлеуметтік осал топтардан 99 мың бала бар. Оларды қолдауға 18,4 млрд теңге бөлінді.
Кейінгі екі жылда 388 мың оқушыға арналған 274 жаңа мектеп ашылды. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында – 115 мектеп бар. Тағы 177 мектептің құрылысы жүріп жатыр.