
Қазақстан қор биржасында (KASE) ұлттық валюта тағы әлсіреді. Қазір 1 доллардың ресми бағамы 541,93 теңге тұрады. Доллар бір тәулікте тағы 3,29 теңгеге нығайды.
Ұлттық валюта бір айдың ішінде шамамен 24 теңгеге құнсызданды. Салыстырар болсақ, доллар мамырдың аяғында шамамен 508 теңге тұратын. Содан бері ұлттық валюта шамамен 40 теңгеге әлсіреген. Ал бір күн бұрын АҚШ валютасы бірден 6,21 теңгеге күшейді.
Ұлттық банк теңге бағамының ауытқуына бірқатар маусымдық факторлар әсер етті деп есептейді. Атап айтқанда, жыл ортасынан бастап импорттық төлемдер мен туристік сапарлар көбейіп, шетел валютасына сұраныс өседі.
Қазақстандағы валюта айырбастау мекемелерінде де Құрама Штаттар ақшасының бағасы әжептәуір көтерілді. Алматы қаласындағы айрбас пунктінде 1 долларды 541,5 теңгеден қабылдап, 543 теңгеден сатып жатыр. Астанада, әдеттегідей, валюта бағамы сәл қымбат – 535 және 545 теңге.
Криптовалюта арзандады
Шілденің ортасындағы раллиден кейін Bitcoin (BTC) бағамы біршама тұрақтанды. 24 шілдеде BTC шамамен 118,4 мың доллардан саудаланып жатыр.
Биткоин капиталы да – 2 трлн 356 млрд 590 млн.
Апта басында қатты көтерілген Эфириум де құнын жоғалта бастады. Ethereum (ETH) қазір шамамен 3 623 доллар тұрады. ETH 1,3%-ға арзандаған. Эфириумның нарықтағы капиталы – 437,2 млрд.
Binance Coin (BNB) токені де бір тәулікте 5,62%-ға арзандады. Ол қазір шамамен 763 доллар тұрады. BNB-дің нарықтағы құны – шамамен 106,3 млрд доллар.
Бейсенбіде Solana (SOL) валютасы да құнын жоғалтты күшейіп жатыр. Оның құны бүгін 6,34%-ға түсті. Қазір SOL 184 доллар тұрады. Солананың нарықтағы құны 99,5 млрд.