Назарбаевтың бұрынғы яхтасын жалға алу арзандады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Business News бөлімінің тілшісі
яхта Назарбаева
Санкт-Петербургте Fairline 68 яхтасын жалға беріп жатыр. Бұрын ол Қазақстанға тиесілі болған / фото: peterburgskaya-riviera.ru, бильд-редактор: Милош Муратовский

Fairline Squadron 68 яхтасын «Назарбаевтың бұрынғы яхтасы» деп те атайды. Енді оны бір сағатқа 55 мың рубльге (шамамен 378 мың теңге) жалға алуға болады. Бұрын 60 мың рубльге жалға беріліп келген.

Яхта кезінде «Нұртау» деп аталған. Ол «ҚазМұнайГАз» компаниясына еншілес «Қазтеңізтрансфлотқа» тиесілі болған. Енді оны жалға алып, Санкт-Петербургте Нева өзенімен серуендеуге болады.

Жалға беру ақысы арзандағаны оператор сайтында жарияланды. 2023 жылы ол Назарбаевтың бұрынғы яхтасымен серуендеу туралы ұсынысты 60 мың рубльге ұсынатынын жариялаған.

Жалға беруші компания осы яхтаны қазір де жалға алуға болатынын растады. Қазіргі бағасы — 55 мың рубль. Алайда баға мұндай қызметті нақты қай күні пайдалануға болатынына байланысты. Демалыс күндері қымбат тұрады.

2023 жылы компанияның Instagram-дағы аккаунтында яхтаның қазақ туы ілінген суреті жарияланған. Дегенмен 2024 жылы FleetPhoto.ru ресурсындағы суреттерде Ресей туы көрініп тұр. Бір жыл бұрын компания жариялаған видеода да көрші елдің туы көрінеді.

Ту өзгергенімен, кемені жалға беру сайттарында (NevaTrip және Петербург Ривьера) — яхта әлі де болса Қазақстанның MFY 2067 борт нөмірімен тіркеліп тұр.

Назарбаевтың яхтасы Ресейге қалай тап болды

Fairline Squadron 68 яхтасы 2006 жылы шығарылған. Ол 2021 жылға дейін ҚМГ-ның еншілес компаниясының меншігінде болды. Ол кезде «Нұртау» деп аталатын яхта бірнеше мәрте саудаға шығарылған, бірақ сатып алатын адам табылмаған. Мәселен, соңғы аукционда оның бастапты бағасы 878,9 млн теңге деп көрсетілген. Дегенмен кеменің айтарлықтай тозғанын айта кету керек.

Кейін «Қазтеңізтрансфлот» яхтаны Ресейдің «Албашнефтепродукт» компаниясына сатқан. Сол кезде 169,7 млн теңге аванс ретінде төленгені айтылып, оның нарықтағы құны 328,9 млн теңге деп көрсетілген. Ашық дереккөздердегі мәліметке қарағанда, кеме «Аврора» деген атпен тіркелген. Кейінгі бірнеше жылда оны жалға беріп жүр.

Сондай-ақ оқыңыз