Қазақ мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау Ресей талабына сай тоқтады

Ресей енгізген жаңа тәртіпке байланысты қазақ мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау тоқтап тұр. Бұл туралы Reuters дереккөздер мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Агенттіктің екі дереккөзінің айтуынша, шетелдің мұнай танкерлеріне Ресейдің Қара теңіздегі порттарына кіруге тыйым салынған. Себебі Ресей билігі жаңа тәртіп енгізіп отыр. Мұндай ереже Қазақстанға мұнай экспортауға кедергі жасайды. Өйткені қазақ мұнайы ішінара америкалық ірі энергетика гиганттарына тиесілі құбыр арқылы тасымалданады.
Reuters мәліметінше, Кремльдің шетел кемелеріне портқа кіруге тыйым салуына байланысты, Ресей мұнайын Новороссийск порты арқылы экспорттауға да әсер етті. Соның салдарынан әлемдегі бүкіл мұнайдың 2 пайыздан астамы нарыққа түспей қалуы мүмкін.
Бірнеше күн бұрын ЕО Ресейге қарсы санкция енгізіп, Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) жұмысын қиындатқан. Chevron мен ExxonMobil гиганттарының осы консорциумда үлесі бар.
Қазақ мұнайының 80%-дан астамы КҚК арқылы экспортталады. Құбыр желісі оны Ресей терминалдарына жеткізеді. Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин шетел кемелерінің елдегі порттарға кіруге тыйым салатын заңға қол қойды. Енді кемелерге Федералдық қауіпсіздік қызметінен арнайы рұқсат алуы керек. Жаңа тәртіп жарлық жарияланған сәттен бастап күшіне енген.
Reuters дереккөздерінің бірінің айтуынша, порттардағы жағдай бір-екі күнде шешілуі тиіс.
Алайда, агенттік мәліметінше, Жерорта теңізі мұнай нарығындағылар осы жағдайға байланысты алаңдап отыр. Өйткені Әзербайжан шикі мұнайы (BTC) Жейхан түрік портына лас болып жеткен еді.