Олигархтардан тәркіленген 18 әшекей бастапқы бағасынан 20%-ға қымбатқа сатылды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Саудаға қойылған 56 зергерлік бұйымның 18-і сатылды / Коллаж: Kursiv.media архиві

Қайтарылған активтерді басқару компаниясыбай-бағландардан тәркіленген 18 зергерлік бұйым аукционда бастапқы бағасынан шамамен 20%-ға қымбатқа сатылғанан мәлімдеді.

Аукцион E-Qazyna алаңында бағаны көтеру әдісімен өтті. Жалпы саудаға қойылған 56 зергерлік бұйымның 18-і, яғни, 32%-ы сатылды.

Сатылған лоттар қатарында Roberto Coin және FOPE брендтерінің білезіктері, гауһар, изумруд және інжу тастармен көмкерілген жүзіктер, сондай-ақ ұлттық өрнегі бар әшекейлер болған.

«Жалпы бастапқы құны – 14 789 960 теңге, ал сатылым сомасы – 16 925 139 теңгені құрады. Бұл қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін және бағаның бастапқы 70%-дан  87%-ға дейін өскенін көрсетеді», – делінген ҚАБК хабарламасында.

Мысалы, FOPE білезігі 3 млн 570 мың теңгеге сатылған (бастапқы бағадан 619,6 мың теңгеге қымбат). Ал кулонды алқамен бірге бастапқы бағадан 400 мың теңгеге артық сатып алған. Picchiotti жүзігі 128 785 теңгеге қымбатырақ сатылды.

Ал аукцион барысында өтпеген 38 зергерлік бұйым жақын арада қайтадан аукционға қойылады.

Бұған дейін Kuva.kz әлемде небәрі 30 данасы бар Ulysse Nardin сағатын 150 млн 117 мың теңге бастапқы бағамен сатылымға шығарған болатын.

Еске салсақ, осыған дейін Kursiv.media тілшісі бай-бағландар қайтарған қымбат 5 сағатқа және аса бағалы әшекей бұйымдарға шолу жасаған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз