Илон Маск жер шарын жарты сағатта айналып шығатын ракетасы жайлы айтты

Starship-тің бірнеше мәрте қолданылатын зымырандары жердің кез келген нүктесіне жарты сағатта жетуге мүмкіндік береді. Ол кезде аппарат жылдамдығы 25 Махқа дейін жетеді. Бұл туралы Илон Маск мәлімдеді.
«Starship-тің арқасында (ракета ұшыруына рұқсат етілген аймақтарда) жер шарының кез келген нүктесіне шамамен 30 минутта жетуге болады. Жылдамдық – 25 Мах», – деп жазды Маск.
Толығымен қайта пайдалануға болатын бұл ғарыш кемесі Super Heavy үдеткішімен жабдықталған және Raptor қозғалтқыштарымен іске қосылады. Масктың ойынша, дәл осы жүйе халықаралық әуе қатынасын бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткізеді. Алайда жоба әзірге сынақ кезеңінде тұр және АҚШ-тың Азаматтық авиация федералды басқармасы (FAA) мен басқа да реттеуші органдардың рұқсатын күтуде.
Бүгінде SpaceX компаниясы Starship-тің оныншы мәрте ұшыру сынағына қызу дайындалып жатыр. NASASpaceflight.com порталының хабарлауынша, Mega Bay 2 аймағында байқалған Ship 37 ғарыш аппараты қазір құрастыру сатысында.
Осыған дейін Илон Маск балаларға ыңғайлы жасанды интеллект (ЖИ) жасап шығаратынын мәлімдеген еді.