Тамыз айында Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Елдің оңтүстігінде құрғақшылық қаупі жоғары болады деп күтілуде / Фото: kursiv.media архиві

«Қазгидромет» тамыз айында Қазақстанның қай өңірлерінде құрғақшылық болуы мүмкін екенін хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, елдің оңтүстік бөлігінде құрғақшылық қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Дегенмен елдің басым бөлігінде орташа құрғақшылық күтіледі:

  • Батыс Қазақстан облысы – Жаңақала және Қаратөбе аудандары; 
  • Ақтөбе облысы – Шалқар және Ырғыз аудандары; 
  • Қостанай облысы – Амангелді және Жангелді аудандары; 
  • Қарағанды облысы – Ақтоғай және Шет аудандары; 
  • Абай облысы – Аягөз және Үржар аудандары; 
  • Алматы облысы – Балқаш, Жамбыл және Еңбекшіқазақ аудандары; 
  • Жетісу облысы – Қаратал, Панфилов, Кербұлақ және Алакөл аудандары; 
  • Қызылорда облысы – Қызылорда қаласы, Қазалы, Қармақшы және Шиелі аудандары; 
  • Жамбыл, Түркістан және Ұлытау облыстарының басым бөлігінде.

 Ал Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысында орташа ылғалды ауа райы сақталады. Ал қалған өңірлерде ылғалдану деңгейі қалыпты мөлшерде сақталады деп болжанып отыр.

Айта кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанның бірнеше өңірінде 43 градусқа дейін ыстық болатынын, өрт қаупі жоғары екенін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыз