1 қыркүйектен бастап онкоскрининг барлық азаматтарға тегін болады

1 қыркүйектен бастап қазақстандықтар, оның ішінде медициналық сақтандыруы жоқ адамдар да, онкологиялық ауруларға арналған скринингтен тегін өте алады.
«Енді онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау тек МӘМС жүйесіне қатысушылар арасында ғана емес, бүкіл халық арасында жүргізіледі. Бұл тәсілдер ауруларды ерте анықтауға, өлім-жітімді азайтуға және алдын алу мен халықтың ұзақмерзімді денсаулығына бағытталған медициналық жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Тегін скрининг сүт безі, жатыр мойны, тік және тоқ ішек обырына, сондай-ақ бұрын тек МӘМС аясында ғана қолжетімді болған басқа да онкопатологияларға қатысты болмақ. Енді скринингтен өту үшін тек емханаға тіркелу жеткілікті, жолдама сол арқылы қолжетімді болады.
«Бұл әсіресе әлеуметтік осал топтар үшін маңызды, яғни, жұмыссыздар, бейресми жұмыс істейтіндер, зейнеткерлер мен студенттер үшін. Бұл санаттағы азаматтардың көбінде сақтандыру мәртебесі болмағандықтан, олар бұған дейін жаппай профилактикалық бағдарламалардан тыс қалып келген еді», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері.
Еске салайық, Алматыдағы онкологиялық орталықта химиотерапиялық препараттарды енді KiroOncology роботы әзірлейді.