BASS Gold компаниясы үш жаңа аймақта алтын іздеуге рұқсат алды

«BASS Gold» компаниясы алтын бар деген үш жаңа аймақта барлау жүргізуге ресми рұқсат (лицензия) алды. Бұл жер Ұлытау облысындағы «Ушшоқы» кен орнына жақын орналасқан. Жалпы аумағы – 6,5 шаршы шақырымнан асады.
Компания бұл жерлерден алтын қоры табылады үміттеніп отыр. Себебі олар бұрыннан жұмыс істеп жатқан кен орнының жалғасы саналады.
Іздеу жұмыстары 2026 жылы басталады. Қазір компания сол жұмыстардың жоспарын дайындап жатыр. Ол жоспар алдымен экологиялық тексеруден өтеді.
Бұл рұқсат компанияға жаңа алтын көздерін табуға және өндіріс көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Алынған кен болашақта алтын қоспасы (Доре) мен байытылған концентрат ретінде өңделіп шығарылады.
BASS Gold компаниясы 2024 жылы 3 млрд теңге шығынға ұшыраған. Былтыр осы Үшшоқы кен орнында жаңа алтын өндіру фабрикасын іске қосты. Сонымен қатар былтыр 11 геологиялық блок бойынша қатты пайдалы қазбаларды барлауға лицензия алған.
Аудиторлық есепте қазір компанияның 99,1 пайыз үлесі BASS Holding-ке тиесілі екені жазылған. BASS Holding құрылтайшылары – Шыңғыс Сәдуақасов пен Ерлан Тасболатов.