Перизат Қайрат сотында Бауыржан Байбектен жауап алынды ма
Жарияланды

Перизат Қайрат сот басталған кезде қор құрылтайшыларынан жауап алуды сұрап, сол сәтте «Нұр Отан» (қазіргі Amanat) партиясы төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің атын атады.
2025 жылдың 25 шілдесінде Перизат Қайрат 10 жылға сотталды. Үкім шыққаннан кейін адвокат Асланбек Дәулетияров Бауыржан Байбектен жауап алу туралы тараптардан өтінішхат түспегенін, бұл мәселе қаралмағанын айтты.
Айта кетейік, Перизат Қайрат жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Сондай-ақ сотталған 10 жыл мерзімге қайырымдылық қаражатын жинаумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырылды.