Перизат Қайраттың анасы 7 жылға сотталды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Қайраттың анасы сотталды/коллаж kursiv.media

Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды. Сот үкіміне сәйкес, Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Прокурор соттан Ғайни Алашбаеваны «Алаяқтық» бабына сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

«Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру» бабы бойынша да кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасын тағайындауды ұсынды.

Жазаларды ішінара қосу арқылы түпкілікті жаза ретінде 8 жылға бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сондай-ақ оқыңыз