Перизат Қайратқа сот үкімі қашан шығатыны айтылды

Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі 2025 жылдың 25 шілдесінде шығады. Астана сотының хабарлауынша, үкім сағат 15:00-де оқылады.
10 жылға соттауды сұрады
Жарыссөзде прокурор сотталушы Перизат Қайратты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Прокурорлар қылмыстық істе жазаны жеңілдететін мән-жайлар жоқ екенін айтады. Керісінше, жазаны ауырлататын жағдайлар бар деп есептейді, себебі әрекет төтенше жағдай кезінде жасалған.
Прокурор Арман Казекен соттан Перизат Кайратты ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша – «Алаяқтық» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп тануды сұрады. Осы бап бойынша оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды.
Сондай-ақ, ҚР ҚК 218-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы – «Аса ірі көлемде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату)» бойынша 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу жазасын тағайындауды сұрады.
Осылайша қылмыстық құқықбұзушылықтардың жиынтығы бойынша жазаларды ішінара қосу жолымен түпкілікті жаза ретінде 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрап отыр.
Ал анасы Ғайни Алашбаеваны 8 жылға соттауды сұрады.