«Жылаған жоқ»: адвокат Перизат Қайраттың үкімді қалай қабылдағанын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Перизат Қайрат үкімді қалай қабылдады/фото: kursiv.media

Перизат Қайраттың адвокаты Асланбек Дәулетияров шыққан үкімді заңсыз әрі негізсіз деп санайды. Сондай-ақ үкімге апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

Айтуынша, 1 млрд теңгеден астам сомаға азаматтық талап арыз қанағаттандырылған.

«Перизатпен сөйлесіп үлгермедім. Үкім жарияланғаннан кейін ол кісіні алып кетті. Міндетті түрде апелляциялық шағым келтіреміз. Реакциясына келсек, ұзақ жылға соттағандықтан, эмоция тұрғысынан ауыр болды. Жылаған жоқ. Үкім шыққаннан кейін ештеңе айтқан жоқ. Қабылдады. Келісе ме, жоқ па, оны тергеу изоляторына барып сөйлесеміз», – дейді адвокат.

Ол екінші сатыда сотталғандарды толық ақтауды сұрайтынын жеткізді. Айтуынша, сотқа Перизат Қайраттың қайырымдылықпен айналысқанын растаған куәлер қатысқан. Сөзінше, қорғау тарабы 67 куәден жауап алуды сұраған. Сотқа тек үшеуі қатысқан, қалғанына сотқа қатысуға рұқсат берілмеген.

Айта кетейік, Ғайни Алашбаева сот залынан қамауға алынды.

Перизат Қайрат 10 жылға, Ғайни Алашбаева 7 жылға сотталды.

Сондай-ақ оқыңыз