Жыл хитмені Аlem Қытайда тұратын қазақ композиторының әніне бейнебаян шығарады

Жеке орындаушы ретінде өнер көрсетіп жүрген Ninety one тобының мүшесі Alem-нің жаңа әніне түсірілген бейнебаян жарыққа шығады. Әртіс Instagram парақшасында клиптің тизерін жариялап, релиз бүгін болатынын мәлім етті.
Бейнебаян орындаушының жаңа «Mahabbat» әніне түсірілген. Әртіс бұл жолы алғаш рет өзге сазгердің әнін орындаған. «Mahabbat» туындысының әнін де, сөзін де Қытайда тұратын қазақ композиторы Тынысбек Қыдырбекұлы жазған.
«Махаббат» – әртістің хитке айналған екі ырғақты әнінен кейінгі баяу туындысы. Оның бұған дейінгі ырғақты қос әні де тыңдармандарына жақсы таныс. Kuiim туындысына түсірілген бейнебаян мен lyric видео бүгінде Youtube платформасында жиыны 20 млн-нан астам қаралым жинаса, Elestet трегінің бейнелері 4 млн рет қаралған. Ал дебюттік Daiynbyz ba трегі 1,5 млн қаралым әкелген.
Айта кету керек, былтыр жеке шығармашылығын бастаған Alem биыл барлық дерлік ән фестивальдерінің басты әртістерінің қатарында өнер көрсетіп жүр.
Бұған дейін, Ninety One тобының мүшесі АCE сүйіктісін көрсеткенін жазғанбыз.