Алматы облысында Қарулы Күштерге қарасты тікұшақ радардан жоғалып кетті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматы облысында Қарулы Күштерге қарасты тікұшақ радардан жоғалып кетті
Алматы облысында Қарулы Күштерге қарасты тікұшақ радардан жоғалып кетті/Фото: Асхар Ахметуллин

2025 жылғы 25 шілдеде Алматы облысында жоспарлы ұшу барысында Әуе қорғанысы күштерінің EC-145 тікұшағы радардан жоғалып кетті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ бортында үш экипаж мүшесі болған. Оқиға орнына Қорғаныс министрлігі мен ТЖД-ның күштері мен құралдары жұмылдырылып, іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия аттанған.

Министрлік қосымша ақпарат оқиғаны анықтау барысы бойынша берілетінін атап өтті.

Бұған дейін, Ресейде Ан-24 ұшағы әуелі радардан жоғалып, кейін апатқа ұшыраған. Алдын ала себеп бойынша апатқа экипаждың қате әрекеті немесе техниканың істен шығуы себеп болуы мүмкін. Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президенті Қ.Тоқаев Ресей президенті В.Путинге көңіл айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз