Lynk & Co 8 млн теңгелік электромобилін таныстырды

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Lynk & Co Z20
Lynk & Co 8 млн теңгелік электромобилін таныстырды/Фото: CarNewsChina

Lynk & Co компаниясы Z20 электрокроссоверінің екі жаңа, қолжетімді нұсқасын таныстырды. CarNewsChina мәліметінше, модельдердің техникалық сипаттамалары арзандату мақсатында оңтайландырылған, енді кең аудиторияға қолайлы болады деп күтіліп отыр.

Жаңа Plus және Pro нұсқалары алдымен шағын қуатымен ерекшеленеді: бұрынғы 335 ат күшінің орнына енді электрқозғалтқыш 235 ат күшін береді. Жүріс қоры 530 км-ден 430 км-ге қысқарған. Дөңгелек диаметрі де 19 дюймнен 18 дюймге дейін азайтылды. Harman Kardon аудиожүйесі (14 динамикпен) енді тек қосымша опция ретінде ұсынылады. Базалық жинақтаманың бағасы $15,200 немесе шамамен 8,3 млн теңгеден басталады (қазіргі бағам бойынша).

Қытайлық БАҚ пікірінше, бұл – қолжетімді көлік мінгісі келетін тұтынушыларды тарту тәсілі. Техникалық параметрлер өзгергенімен, жаңа Z20 үлгілері Lynk & Co-ның айқын танылатын дизайнын сақтап қалған.

Электрокроссоверлердің өлшемдері өзгермеген. Артқы бөліктегі LED-спойлер мен «жарқыраған қанат» стиліндегі шамдар да өз орнында қалған.

Бағасы арзандағанына қарамастан, Lynk & Co компаниясы жаңа Z20 үлгілерінің пайдалану сапасы төмендемейтінін мәлімдеді. Бұл – фирмалық аспа жүйесі мен Brembo тежегіштерінің арқасында мүмкін болған. Сонымен қатар, Z20 моделі Euro NCAP қауіпсіздік рейтингі бойынша бес жұлдыз алған.

Бұған дейін елде Lynk & Co 03 және Lynk & Co 09 модельдерінің сатылымы басталғанын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз