Қызылордада департамент басшысы жемқорлық күдігімен ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысын ұстағанын хабарлады.
Шенеунік жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде материалдық пайда алуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.
Оған қатысты Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 364-бабы 1-бөлігі (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.
Бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау шарасы тағайындалған.
ҰҚК бұған дейін Ақмола облысында Кіріс департаментінің басшысын жемқорлық күдігімен ұстаған.