Ресейдегі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 5 млн рубль беріледі

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Ресейдегі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 5 млн рубль беріледі
Ресейдегі ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 5 млн рубль беріледі/Фото: Василий Орловтың telegram арнасы

Ресейдің Амур облысындағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына 5 миллион 25 мың рубль (34,5 млн теңге) өтемақы беріледі. Бұл туралы облыс губернаторы Василий Орлов мәлім етті.

Оның сөзінше, соманың 2 миллион 25 мыңын сақтандыру төлемдері құраса, 2 миллионы әуе компаниясының қаражаты, одан бөлек әр өңірлік үкіметтен 1 миллион рубль көлемінде материалдық көмек қарастырылған.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта апат орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатқанын жеткізіп, оқиғаның екі негізгі нұсқасы қарастырылып отырғанын атап өтті: Біріншісі – техникалық ақау, екіншісі – ұшқыштардың қатесі.

Ұшақтың борттық жазу құрылғылары табылған, жақын уақытта оларды Мәскеуге жеткізіп, деректерді шифрлайды.

Василий Орлов ұшақ апаты 48 адамның өмірін жалмағанын, облыста үш күндік аза тұту жарияланғанын айтты.

Ан-24 ұшағы әуелі радардан жоғалып, кейін апатқа ұшыраған. Ұшақ бортында 40-тан астам адам болған.

Айта кетейік, Ан-24 ұшағы бүгін әуелі радардан жоғалып, кейін апатқа ұшыраған. Алдын ала себеп бойынша апатқа экипаждың қате әрекеті немесе техниканың істен шығуы себеп болуы мүмкін. Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан президенті Қ.Тоқаев Ресей президенті В.Путинге көңіл айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз