6 айда Қазақстанда электр энергиясын тұтыну көлемі артқан

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Қазақстан қанда электр энергиясын тұтынады / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың 6 айында Қазақстанда электр энергиясын тұтыну 3%-ға өсіп, 61,8 млрд кВт⋅сағатты құрады. Бұл туралы «KEGOC» АҚ ҚР Энергетика министрлігіне ұсынған есепте жазылған.

Компанияның мәліметінше, өсіп келе жатқан сұраныс аясында Ұлттық электр желісі тұрақты жұмыс істеп тұр. KEGOC жүйенің сенімділігін қамтамасыз етіп, есепті кезеңде электр энергиясын тасымалдау көлемін 7,3%-ға арттырған.

Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде компания 577 нысанда жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуде. KEGOC өндірістік көрсеткіштердің тұрақтылығы инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған ұзақмерзімді стратегияны іске асыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Болжам бойынша, 2031 жылға қарай Қазақстанда электр қуатына деген сұраныс 4,8 ГВт-қа дейін артуы мүмкін.

2035 жылға дейін KEGOC 17 000 км-ден астам электр жеткізу желілерін салу және қайта жаңартуды жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз