Халықтың еуро мен долларға деген сұранысы күрт төмендеді

Ұлттық банк статистикасына сәйкес, маусым айында халықтын шетел валюталарын сатып алу қарқыны күрт төмендеген. Ай ішінде қазақстандықтар 109,4 млрд теңгеге доллар сатып алған. Бұл мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда шамамен 1,5 есе аз. Ал еуроға деген сұраныс 12 есе азайды,
Мамыр айында бұл сома 161,5 млрд теңге болған еді. Осылайша, бір айда доллар сатып алу көлемі 32 пайызға қысқарған. Негізінен долларды Алматы мен Шымкент қаласының тұрғындары сатып алған.
Еуроға сұраныс бұдан да қатты төмендеді. Мамырда айырбастау орындары 13,8 млрд теңгеге еуро сатқан болса, маусымда бұл көлем небәрі 1,1 млрд теңгеге дейін құлдыраған.
Сонымен қатар, маусым айында ақша айырбастау орындары халықтан 40,5 млрд теңгеге рубль қабылдаған. Бұл мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда көп (35,7 млрд теңге) және соңғы бірнеше жылдағы ең жоғары мән болып отыр. Өткен айда алматылықтар қолда бар рубльін 35,7 млрд теңгеге өткізген.
Ұлттық банк мәліметінше, мұндай үрдіс 2024 жылдың желтоқсанынан бері жалғасып келеді.
Айта кетейік, 25 шілдеде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы саудада доллардың орташа бағамы 545,07 теңгені құрады.