Құлыбаевтың компаниясы «Ақ-Бұлақ» тау курортында гольф-клуб салмақ

Тимур Құлыбаевқа тиесілі «Кипрос» компаниясы Вьетнамның CrystalBay инвесторымен бірлесміп Алматы облысындағы «Ақ-Бұлақ» тау курортын жаңғыртуға 233 млрд теңге құймақ. Бұл туралы Алматы облысының әкімдігі хабарлайды.
Жоба аясында жаңа гольф-клуб салынып, қонақүй кешені кеңейтіледі. Бұл 700 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Әкімдік мәліметінше, өңірде туризм саласы қарқынды дамып келеді. Биыл бірінші тоқсанда Алматы облысына 162 мың турист келген. Өткен жылмен салыстырғанда 62%-ға көп.
Туристер ағынының артуы тау кластерінің дамумен байланысты. Облыста 270-ке жуық демалыс орны жұмыс істейді, оның 140-ы тікелей таулы аймақта орналасқан.
Сонымен қатар, Oi-Qaragai курортын да кеңейту жоспарланған: аумағы 10 есе ұлғайып, 83,2 млрд теңге жеке инвестиция тартылады, 500 жұмыс орны ашылады. Бұған қоса, Каскелен мен Түрген шатқалдарын дамытуға 70 млн теңге бөлінеді.
Жергілікті билік жыл сайынғы туристер санын 850 мың адамға дейін жеткізуді көздеп отыр.
Сонымен қатар кешенді жоспар аясында Қаскелең және Түрген шатқалдарын дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бұл мақсатқа 70 миллион теңге бөлінген.
Билы көктемде Құлыбаевтың Жайық жағалауындағы жері мемлекетке қайтарылған.