Жыл басынан бері 54 сауда үйі ашылған

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: kursiv.media, бильд редактор Ахтам Зиперов

2025 жылдың 6 айында Қазақстанда 54 жаңа сауда үйі ашылып, пайдалануға берілген. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Олардың жалпы аумағы – 87,3 мың шаршы метр, ал нақты құны – 39,7 млрд теңге. Ең көп сауда үйі Шымкент қаласы (15 нысан) мен Қызылорда облысында (14 нысан) салынған.

Сол кезеңде жалпы аумағы 39 мың шаршы метрді құрайтын 60 супермаркет ашылды. Бұл нысандардың жалпы құны – 19,5 млрд теңге.

Супермаркеттердің көпшілігі Шымкентте (21 нысан), Жамбыл және Түркістан облыстарында (әрқайсысында 12 нысан) іске қосылған.

Сонымен қатар, 176 минимаркет пайдалануға берілді. Олардың жалпы аумағы – 30,3 мың шаршы метр, ал құны – 11,2 млрд теңге.

Минимаркеттердің ең көбі Түркістан (32), Жамбыл (22) және Қызылорда (20) облыстарында ашылған.

Сондай-ақ оқыңыз