UFC: Асу Алмабаев пен Хосе Очоа жекпе-жегін қайдан көруге болады
Жарияланды

26 шілдеден 27 шілдеге қараған түні Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев (21-3) октагонға шығады. Қарсыласы – Перу елінің өкілі Хосе Очоа (8-1). Жекпе-жек жеңіл салмақта, үш раундқа жоспарланған.
Алмабаев пен Очоа арасындағы жекпе-жекті UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. Қос спортшының айқасы шамамен 00:20-да (Астана уақыты бойынша) басталады.
Асу Алмабаев UFC-дегі бес кездесуінің төртеуінде жеңіске жетіп, бір рет жеңілген. Оның соңғы жекпе-жегінде Ангола спортшысы Манел Капеге (21-7) техникалық нокаутпен жеңіліп қалған еді.
Бұл жолы Асу жанкүйерлерінің қолдауымен жеңісті қайта еңсеруге ниетті. Айта кетейік, бұл кездесуде Асуға Шавкат Рахмонов қолдау көрсетпек.