Мұғалім мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Мұғалім мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
Мұғалім мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мұғалім мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі. Қазақстан үкіметі 2025 жылғы 3 маусымдағы қаулысымен азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар мен қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақы жүйесіне толықтырулар енгізді.

Құжатқа сәйкес, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларында жұмыс істейтін мамандардың жалақысы көбейеді. Бұл өзгеріс бұрын ауыл мәртебесіне ие болып, қазір қала мәртебесіне өткен елдімекендерде орналасқан мемлекеттік мекемелер қызметкерлеріне қатысты.

Жалақы өсімі кемінде 25 пайызды құрайды. Бұл үстемақы елдімекеннің мәртебесі өзгерген күннен бастап екі жыл бойы төленеді.

Қаулы 2025 жылғы 24 шілдеден бастап күшіне енеді және 2024 жылғы 10 қаңтардан бергі еңбек қатынастарын қамтиды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда ең көп жалақы алатын үш облыс анықталған еді.

Сондай-ақ оқыңыз