Шерзат ісі: Сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Почти все осужденные по делу Шерзата Болата подали апелляции
Шерзат ісі: Сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты / фото: архив kursiv.media

Шерзат ісіне байланысты сотталған Думан Ысқақ бостандыққа шықты. Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.

Адвокаттың айтуынша, бұл іске қатысты апелляциялық сот отырысы 18 тамыз күні сағат 11:00-де Алматы облысы сотының ғимаратында өтпек.

Думан Ысқаққа қатысты бірінші сатыдағы соттың үкімі бойынша тағайындалған жаза толық өтелгендіктен, Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұсабекованың 2025 жылғы 23 шілдедегі қаулысымен оған қатысты бұлтартпау шарасы жойылып, ол қамаудан босатылды, – деді Мейірман Шекеев.

Еске сала кетейік, 5 маусым күні Шерзат ісі бойынша 9 адамға сот үкімі шыққан еді. Ең көбі Абзал Шынасыл 23 жылға, Равиль Сакиев 20 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ал кәмілет жасына толмаған Думан Ысқаққа қылмыстық кодекстің 434-бабы (қылмысты жасыру) кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған еді.

Сондай-ақ оқыңыз