Бюджетке мониторинг жасау толығымен цифрландырылады

Елдегі мемлекеттік аудит жүйесі цифрлы трансформациядан өтіп жатыр. Енді бюджет мониторингі мен профилактикалық бақылау рәсімдері толығымен цифрланады деп хабарлайды қаржы министрлігінен.
Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (ІМАК) үлкен деректерді талдау мен машиналық оқыту технологияларына негізделген камералды бақылаудың жаңа цифрлы құралдарын енгізбекші. Ол есеп-қисапты тексеру жұмыстарын автоматтандырып, бақылау іс-шараларының дәлдігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ адам факторы мен басқа да сын-қатерді сейілтуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ бюджет мониторингі мен профилактикалық бақылаудың ескертуді көздейтін рәсімдерін толық цифрландырылады. Ол үшін екі мамандандырылған цифрлы жоба қолға алынған: «Аудитордың бірыңғай кабинеті» және «Аудитор қалқаны АІ».
«Аудитордың бірыңғай кабинеті» – ақпарат жүйелерімен жұмыс істеудің тиімділігі мен ыңғайлылығын арттыруға арналған Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мен оның аумақтық департаменттерінің цифрлы басқару пункті.
«Аудитор қалқаны АІ» – аудиторларды қашықтан оқытуға және сертификаттауға арналған «ақылды» жүйе.
Бұл бастамалар қаржы министрі Мәди Такиев бекіткен ІМАК-нің қызметін цифрландыру жөніндегі Жол картасының аясында жасалады.