
Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне иелік ететін Meta компаниясы Еуроодақта саяси жарнама сатуды доғарады. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Миллиард Марк Цукербергтің компаниясы ЕО елдерінде саяси жарнама сатуды 2025 жылғы қазан айынан бастап тоқтатады. Себебі ұйым елдері осындай талап қойып отыр.
ЕО мен Meta компаниясының осы мәселе бойынша дауласып жүргеніне біраз уақыт болды. Одақ елдері америкалық компанияның ықпалы мен мәлімет жинауын шектегісі келеді. Бұған қоса, ЕО Meta-ның жасанды интеллектіні іске қосқанына қарсы. Соған байланысты Цукерберг оны ұйым елдеріне енгізуді тоқтатып қойған.
Bloomberg мәліметінше, компанияның саяси жарнамадан бас тартуы оның бизнесіне кері әсер етуі екітайлай. Себебі қаржы директоры Сьюзан Ли 2024 жылғы ақпанда саяси жарнама компанияға «айтарлықтай» табыс әкелмейді деп мәлімдеген. Дегенмен Цукербергтің компаниясы АҚШ пен басқа да елдерде әлі де болса саяси жарнама сатып жүр.