Қазақ-қырғыз шекарасында жер сілкінді

25 шілдеге қараған түні Астана уақытымен сағат 2:40-та Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінді. Бұл туралы қырғыз баспасөзі жергілікті сейсмология институтына сілтеме жасай отырып хабарлады.
Институт мәліметінше, дүмпу ошағы Қырғызстанның Қара-Бұлақ ауылынан үш шақырым жерде орналасқан. Бұл ауыл қазақ-қырғыз шекарасына өте жақын орналасқан.
Қара-Бұлақ пен Массы ауылдарында жерасты дүмпуінің күші шамамен 4 балл болған. Қошқар-Ата ауылында 3,5, ал Майлы-Су ауылында 3 баллдық жер сілкінісі сезілген.
Сейсмикалық белсенділікпен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Қазақстан аумағында жер сілкінісі айтырлықтай сезілген жоқ. Жергілікті қызметтер шекара маңындағы дүмпу туралы мәлімет таратпады.
Естеріңізге сала кетейік, осы аптада Қазақстанның тоғыз өңірінде дабыл қағылды. Жергілікті мекемелер жойқын жер сілкінісіне дайындалды.