Рамзан Қадыров Түркияда суға батып кете жаздады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Рамзан Кадыров
Шешенстан президенті Рамзан Қадыров / фото: shutterstock

Шешенстан президенті Рамзан Қадыров Түркияның Бодрум өңірінде демалып жүрген уақытта суға батып кете жаздады. Бұл туралы жергілікті басылымдар жазды.

Оқиға Бодрумның Қайнар ауданындағы без жұлдызды қонақ үйде болған. Мәліметтерге қарағанда, Қадыров суға түсіп жүрген уақытта өзін аса жайсыз сезінген. Оны жағалау күзетінің қызметкерлері құтқарып қалған.

Президенттің жағдайы мәз еместігін аңғарған қызметкерлер тез арада дәрігер шақыртқан. Медициналық көмек қонақ үйге жетіп, Шешенстан президентін ауруханаға жеткізген.

Қонақ үйде Қадыровқа алғашқы медициналық көмек көрсетілгені туралы айтылды. Ол жедел жәрдем көлігімен жекеменшік ауруханалардың біріне түскен. Мәліметтерге қарағанда, ем қабылдаған шешен басшысының жағдайы жақсы. Дәрігерлер оның денсаулығын тексеріп, Қадыровтың өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз