Украина майдан шебінде Starlink жұмыс істемей қалды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Тегеран Starlink интернетін қолданғандарды жазалайды / фото: shutterstock
Starlink спутниктік интернеті жұмыс істемей қалды / фото: shutterstock

Украина қарулы күштері майдан шебінде Starlink ғаламдық желіні пайдалана алмай қалды. Илон Маск спутниктік интернет жұмысындағы ақау үшін кешірім сұрады. Бұл туралы BBC телеарнасы хабарлайды.

Америкалық миллиардердің Starlink компаниясы ұсынатын қызметті Украина қарулы күштерінің бөлімдері пайдаланып жүр. Майдан шебіндегілер спутниктік интернет жұмыс істемей қалғанын айтып үлгерді.

Қарулы күштердің дрондар жүйесін басқаратын қолбасшысы Роберт Бровди (лақап аты «Мадьяр») өзінің телеграм-арнасында «Бүкіл майданда Starlink істемей тұрғанын» жазды. Бұл туралы басқа да украин әскери телеграм-арналары хабарлап жатыр.

Артынша Илон Маск желідегі ақау үшін кешірім сұрады. Миллиардер бұл туралы өзінің X әлеуметтік желісіне жазды.

«Қызмет жақын уақытта іске қосылады. Ақау үшін кешірім сұраймын. SpaceX мұндай оқиға қайталанбас үшін ақау себебін анықтайды», – деп мәлімдеді Starlink қожайыны.

Илон Маск спутниктік интернет құрылғыларын Украинаға 2022 жылы орнатқан. Сол кезде украин билігі миллиардерден көмек сұраған. Содан бері Украина қарулы күштері оны байланыс пен қаруды басқару үшін пайдаланып жүр.

Сондай-ақ оқыңыз