Жаңалықтар

Александр Бублик тағы бір турнирдің финалына шықты

Бублик тағы бір турнирдің финалына шықты/фото: reuters

Александр Бублик тағы бір турнирдің финалына шықты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Кицбюэльдегі жартылай финалда нидерланд Ботик ван де Зандсхюлпты 6:3, 6:4 есебімен жеңді. Енді финалда Артюр Казомен кездеседі.

Бұл – Бубликтің маусымдағы үшінші финалы. Алдыңғы екеуінде ол чемпион атанған. Оның бірі – Галле қаласында өткен TERRA WORTMANN OPEN турнирі. Ал екіншісі – Швейцариядағы Swiss Open Gstaad турнирі.

Айта кетейік, биыл Бублик Германияның Галле қаласында өткен турнирде әлемнің бірінші теннисшісі Янник Синнерді жеңді. Үш сетке созылған матч  3:6, 6:3, 6:4 есебімен аяқталды.