Жаңалықтар

Алматыда Кеңсай аумағында 15 гектар жер өртенді

Кеңсайда 15 гектар жер өртенді/фото: shutterstock

Алматыдағы Кеңсай-1 аумағында өрт шықты. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жалын 15 гектар жерге жайылған.

«Медеу ауданындағы өрттің жалпы ауданы шамамен 15 гектарды құрайды. Таулы жер бедері, тік жартастар және өрт сөндіру техникасы үшін жол шектеулі болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты», – делінген ақпаратта.

Өртті сөндіруге жалпы жеке құрамнан 99-ға жуық қызметкер және 39-дан астам техника, соның ішінде жергілікті атқарушы органдардан су тасымалдайтын машиналар жұмылдырылған.

2025 жылдың 25 шілдесінде түнде алдын ала 15 гектар алаңда өрттің оқшауланғаны айтылды. Зардап шеккендер жоқ.