
Қосшы қаласында даулы тұрғын үйлердің бірі – «Сиреневый сад» кешенінің үлескерлері пәтер кілтін алды.
Ақмола облысы әкімдігінің хабарлауынша, 2013 жылы құрылысына қаржы салған 110 отбасы 11 жылдан кейін баспанасына кіретін болды.
Көп жылдан бері қаңырап бос тұрған бұл тұрғын үй кешеніне «Ынтымақ» атауы берілді.
Облыс әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, кешен құрылысын қайта жандандыру үшін облыс әкімдігі «КГС Сауда» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіп, нақты уағдаластыққа қол жеткізді. Құрылыс былтыр жылдың соңында қайта басталып, бірнеше айдың ішінде толық аяқталды.