
Алматыда Марков көшесінің кей бөлігіне орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Соған сәйкес, 26 шілде сағат 22:00-ден 27 шілде сағат 08:00-ге дейін әл-Фараби даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі аралықта жол жабылады.
27 шілде сағат 22:00-ден 28 шілде сағат 08:00-ге дейін Тимирязев көшесінен Павлов көшесіне дейінгі аралықта жол жабық болады.
Жөндеу жүріп жатқан аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым жетекшісінің байланыс мәліметтері көрсетілген тақталар орнатылады.
Қала әкімдігі өзгерістерге байланысты маршрутты алдын ала жоспарлауды сұрады.