
Петропавлда жатақханада өрт шықты. Төтенше жағдай қызметкерлері өрттен 42 адамды эвакуациялады.
Өрт Петропавл қаласы Нұрсұлтан Назарбаев көшесінде орналасқан бес қабатты жатақханада шыққан. Өрт ғимараттың екінші қабатындағы бөлмелердің бірінде басталған.
ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 42 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады. Көрші бөлмелерге өрттің таралуына жол бермеген.
Айта кетейік, Алматыдағы Кеңсай-1 аумағында өрт шықты. Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жалын 15 гектар жерге жайылған.