Асу Алмабаев UFC турнирінде жеңіске жетті

Асу Алмабаев Абу-Дабиде өткен UFC Fight Night турнирінде жеңіске жетті. Жеңіл салмақта (56,7 кг дейін) өнер көрсететін 31 жастағы файтер бұл жолы негізгі кардта жұдырықтасты. Оның қарсыласы перулік Хосе Очоа болды. Айта кетейік, бастапқыда Алмабаев өзбекстандық Рамазан Теміровпен кездесуі тиіс еді, алайда Теміров допинг сынамасынан өте алмай, жарыстан шеттетілді.
Жекпе-жек толық үш раундқа созылды. Нәтижесінде, қазылар бірауыздан жеңісті қазақстандық спортшыға берді — 30:27, 30:27 және 29:28 есебімен.
Қазіргі уақытта Асу Алмабаевтың кәсіби рекорды — 22 жеңіс және 3 жеңіліс. Оның бесеуі UFC аясында өткен. Сонымен қатар, турнир кезінде Алмабаевқа бұрыштас ретінде жартылай орта салмақта UFC-дің үшінші нөмірлі спортшысы Шавкат Рахмонов қолдау көрсетті.