Бауыржан Исламхан «Астана» футбол клубымен келісімшартқа отырды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бауыржан Исламхан «Астана» клубымен келісімшартқа отырды
Бауыржан Исламхaн «Астана» клубымен келісімшартқа отырды / фото: ҚФФ

Қазақ футболында аты танымал Бауыржан Исламхан «Астана» футбол клубымен осы жылдың соңына дейін келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы елордалық команданың баспасөз қызметі хабарлады.

Исламхан бұған дейін де, нақты айтқанда 2013 жылы, «Астана» сапында жарты маусым ойнап, 8 кездесуге қатысқан. Қазір футболшы ауыр жарақатынан кейінгі оңалу кезеңінде.

«Астана» клубының басшысы Саян Хамитжановтың айтуынша, Исламханның бабына толық келуі үшін уақыт қажет. «Ол әлі толық қалпына келген жоқ, бірақ бұл жағдай кез келген спортшының басынан өтуі мүмкін. Бауыржанның ұлттық құрама мен қазақстандық футболдағы еңбегін ескеріп, біз оған қолдау көрсетуді жөн көрдік. – деді Хамитжанов.

Клуб Исламханға спорттық бабын қайта қалыпқа келтіруіне жағдай жасап, жанкүйерлерге бұрынғыдай жарқын ойын көрсетуіне мүмкіндік бермек.

Бауыржан Исламхан мансабын 2009 жылы туған жері Таразда бастап, кейінен Ресейлік «Кубань», алматылық «Қайрат», Аль-Айн, Ордабасы сынды футбол клубтарында ойнады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Бахтиер Зайнутдиновтің мәскеулік «Динамоға» ауысатынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз