Астанада Панфилов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады
Жарияланды

Астанада Панфилов көшесінде – Тәуелсіздік даңғылынан бастап жол жабынын орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Астаналық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.
25 шілдеден 5 тамызға дейін Панфилов көшесінің аталған учаскесінде көлік қозғалысы жартылай шектеледі. Көліктердің қозғалысы екі бағытта бір жақ жолақпен ұйымдастырылады, — делінген ресми мәлімдемеде.

Астана қаласының әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан маршруттарын алдын ала жоспарлауды, жолдарда кептеліс туындамас үшін түсіністікпен қарауды сұрайды.