Таиланд пен Камбоджа премьер-министрлері кездесу өткізуге дайын

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі

АҚШ президенті Дональд Трамп Таиланд пен Камбоджа арасындағы шиеленісті реттеу мақсатында екі елдің үкімет басшылары кездесуге келісім бергенін мәлімдеді. Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде хабарлады.

Олар шұғыл кездесіп, атысты тоқтату жоспарын жедел түрде әзірлеуге келісті, — деп жазды Трамп Пхумтам Вечаячай (Таиландтың уақытша премьері) және Хун Манетпен (Камбоджа премьер-министрі) телефон арқылы сөйлескен соң.

АҚШ президенті бұған дейін Америка Құрама Штаттары екі елмен де сауда қарым-қатынасын жүргізіп жатқанын, алайда қақтығыс тоқтамайынша ешқандай сауда келісімі жасалмайтынын ескерткен еді.

Біз екі елмен де сауда байланыстамыз, бірақ соғыс жүріп жатқанда ешқайсысымен келісім жасағымыз келмейді. Мен бұл қиын жағдайды жеңілдетуге тырысып жатырмын! Бұл соғыста көптеген адам қаза табуда, — деді Трамп Truth Social-дағы жазбасында.

Айта кетейік, 23 шілде күні шекара маңындағы минаның жарылуы салдарынан таиландтық сарбаздар жарақат алған болатын. Ал 24 шілде күні Таиланд пен Камбоджа шекара аумағында атысқа шығып, жағдай күрт ушығып кетті. Қақтығыс салдарынан бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар бар.

Сондай-ақ оқыңыз