Қазақстан туристік марапатқа ұсынылды: қалай дауыс беруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қазақстан туристік марапатқа ұсынылды/фото: shutterstock

Британдық «Wanderlust» журналы Қазақстанды туристік марапатқа ұсынды. Бұл туралы Kazakh Tourism хабарлады.

«Қазақстан жыл сайынғы беделді «Wanderlust Reader Travel Awards» сыйлығына үміткерлер тізіміне енді. Біздің еліміз «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында ұсынылды», – делінген ақпаратта.

Ақпаратқа сәйкес, Ұлыбританияның «Wanderlust» туристік басылымы жыл сайын әлемдегі ең тартымды туристік бағыттарды, саяхат саласындағы үздік сервистер мен қызметтерді анықтайды. Былтыр Қазақстан «Ең сұранысқа ие жаңа бағыт» санатында үздік бестікке енген.

«Биылғы дауыс беру ашылды және ниет білдірушілер Қазақстанды перспективалық туристік бағыт ретінде қолдай алады», – делінген ақпаратта.

Ол үшін азаматтар мына сілтеме арқылы өтіп, дауыс беруі қажет.

Айта кетейік, бұл сайтқа VPN арқылы қосылу қажет.

Ал дауыс беру 2025 жылдың 17 қазанына дейін жалғасады. Сыйлықтың жеңімпаздары онлайн-дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады және қарашада Лондонда жарияланады.

Сондай-ақ оқыңыз