Жаңа оқу жылында оқушылар қанша күн демалады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
школьники
Жаңа оқу жылының күнтізбесі жарияланды/фото: Shutterstock

Жаңа оқу жылының күнтізбесі жарияланды. Соған сәйкес оқушылардың оқу және демалыс кезеңдері айқындалды.

Оқу процесі 2025 жылдың 2 қыркүйегі басталып, 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады. Білім күніне арналған салтанатты жиынның уақыты мен күні мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен белгіленеді.

Бірінші тоқсанда оқу мерзімі – 8 апта. Күзгі каникул 2025 жылдың 27 қазанында басталып, 2 қарашаны қоса алғандағы 7 күнге созылады.

Екінші тоқсан 8 оқу аптасынан тұрады. Қысқы каникул 2025 жылғы 29 желтоқсанда басталып, 2026 жылғы 7 қаңтарды қоса алғандағы 10 күнге жалғасады.

Бірінші сынып оқушылары үшін қосымша демалыс 2026 жылдың 9 ақпанынан 15 ақпанды қоса алғандағы 7 күнді құрайды.

Үшінші тоқсан 10 оқу аптасынан тұрады. Көктемгі каникул 2026 жылдың 19 наурызында басталып, 29 наурызды қоса алғандағы 11 күнге созылады.

Төртінші тоқсанның ұзақтығы 8 оқу аптасын құрайды, оқу жылы 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Сондай-ақ оқыңыз