СҚО-да үш әкім жауапкершілікке тартылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әкімдер жауапкершілікке тартылды/фото: shutterstock

Солтүстік Қазақстан облысында үш аудан әкімі жауапкершілікке тартылды. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылдың бірінші тоқсанында соттардың жеке ұйғарымдарын қарау нәтижесінде оларға тәртіптік жаза қолданылды.

Облыстың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты жер даулары және мемлекеттік сатып алу нәтижелерін даулау бойынша әкімшілік істерді қарау кезінде анықталған ӘРПК нормаларын бұзу фактілерін анықтаған.

Жеке ұйғарымдар заңды күшіне енді.

Бірінші жағдайда жол бойындағы дәмхана құрылысының жобасын бекітуден бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап арыз бойынша жеке ұйғарым шығаруға аудан әкімінің жазбаша арызын қарамауы себеп болған.

Аудан әкімі құрылыс бөлімінің әрекетіне келіп түскен шағымды қараудың орнына сол әрекетіне шағым жасалып жатқан органның қарауына жіберген.

Аудан әкімінің бұл әрекеттері төмен тұрған мемлекеттік органдардың шешімдеріне шағымды жоғары тұрған органның қарауы үшін ӘРПК талаптарын бұзған.

Тағы бір жағдайда шаруа қожалығының талап арызы негізінде сот «шаруа қожалығына жер учаскесін уақытша, өтеулі, ұзақ мерзімді ортақ үлестік жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы» әкімдік қаулысын заңсыз деп таныды.

Сот істі қарау кезінде аудан әкімдігінің жер заңнамасының нормаларын және ӘРПК нормаларын бұзғаны анықталды.

Сондай-ақ оқыңыз