
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жеке көмекшінің қызметтерін көрсететін санаттарды кеңейтуді көздейтін бұйрық жобасын қоғамдық талқыға ұсынды.
Оған сай, 2026 жылдан бастап зейнет жасына жеткен қазақстандықтар өзінің бірінші топтағы мүгедектігі бар жұбайына жеке көмекші атанып, жәрдемақы ала алады. Бұрын жұбайына жеке көмекшілік зейнетке шыққаннан кейін тоқтатылатын.
Бұйрық жобасына сай, жеке көмекші ретінде тағайындалатын адам сол елдімекенде тұруы керек деген талап енгізіледі.
Бұған дейін, мүгедек бала асырап отырған ата-анаға зейнетақы қалай тағайындалатыны туралы жазғанбыз.