Асхат Нұрмашев Перизат Қайрат Палестинаға жиналған қаржыны қалай жымқырғанын баяндады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Асхат Нұрмашев Перизат Қайрат Палестинаға жиналған қаржыны қалай жымқырғанын баяндады
Асхат Нұрмашев Перизат Қайрат Палестинаға жиналған қаржыны қалай жымқырғанын баяндады/коллаж: kursiv.media

Asar-Ume қайырымдылық қоры Палестинадағы соғыстан зардап шеккен халыққа көмек ретінде жиналған қаржыны жолдаудың жолын білмегендіктен, Перизат Қайраттың қорына аударған. Бұл туралы қор президенті Асхат Нұрмашев TalkLike YouTube жобасына берген сұхбатта мәлім етті.

Серіктес

Асхат Нұрмашевтың сөзінше, қор құрылтайшылары мен қызметкерлері Палестинаға көмек қолын созғысы келетіндердің көптігін көріп жиналып, мәселені талқылаған. Оның барысында бұрын шетелге, соғыс болып жатқан жерге көмек жіберу тәжірибесі болмағандықтан, қаражатты діттеген жерге жеткізуге көмектесетін серіктес табу туралы шешім қабылданған. Ол серіктес – Перизат Қайрат болған. Өйткені ол Араб Әмірліктеріндегі билеуші отбасымен байланыста екенін айтып, көмекті жеткізуге жердемдесетін арналары барына сендірген.

Нұрмашевтың сөзінше, Перизат Қайрат қорын бір ай тексеріп, шынымен де Газа секторына жолданатын көмектектің үлкен хабы орналасқан Біріккен Араб Әмірліктеріндегі қоймаға аккредитациясы барына көз жеткізген. Перизат Қайрат өзін Палестина, БАӘ елдері елшілігінің өкілдерімен таныстырған.

«Есеп жоқ»

Осыдан кейін 2023 жылғы 10 қарашада Asar-Ume жылу жинауды бастайды, халықтан 293 млн теңге қаржы жиналады. Көмекті газа секторына жөнелту бойынша Перизат Қайратпен келісімшартқа отырып, ақшаның 200 млн теңгесін тікелей Перизат Қайраттың шотына аударған. Келісімшарт бойынша Перизат Қайрат желтоқсан айында қайырымдылық қорының ақшасы қалай жаратылғаны туралы есеп беруге міндеттеледі. Алайда есеп жоқ.

«Қаңтар айында Перизат Қайратқа есеп тапсырмай шартты бұзып жатқаны, шұғыл түрде есеп тапсыруы керектігі жөнінде ескерту хат жолдадық. Одан кейін «Біз біргеміз» қорының шоты тіркелген банкке «Біз біргеміз» қорынан мынандай заңды тұлғаға ақша аударылған ба» деп хат жолдадық. Сол қаңтар айында Перизатқа есеп тапсырмаса сотқа беретінімізді айттық. Арада бірер күн өткенде ол бізге есеп тапсырды, бірақ біз оны қабылдамадық», – дейді ол.

Асхат Нұрмашевтың сөзінше Перизат Қайрат «сіздің қаржыңызға осындай зат сатып алдық» деп жазылып, мөр қойылған қағаз әкелген. Қор оны қабылдамаған.

Жалған құжат

Кейін ақпан айында Перизат Қайрат қаржының аударылғанын растайтын құжаттарды көрсетіп, қайта есеп тапсырған. Asar-Ume оны қабылдап, сонымен мәселе шешілгендей болған. Алайда кейін тергеу барысында Перизат ұсынған құжаттар жалған екені анықталған.

«Біз оны сот кезінде білдік. 200 млн теңгеден ештеңе түспеген, мүмкін 200 доллар түскен шығар. Перизат есеп тапсырмай тұрғанда бізден халықтан жиналған қалған 93 млн теңгені де аударуды сұраған. Бірақ біз есепті өткізбей оны бермейтінімізді айттық. Кейін есепті тапсырған соң да шартты бұзғаны үшін қаражатты бермейміз деп шештік. Өзіміз елшіліктегі адамдармен танысып, солар арқылы аударып жібердік. Перизат па, басқа адамдар ма, елшілікке «Asar-Ume халықтан жиналған ақшаны қалтасына басып қалды» деп айтыпты«, – дейді Asar-Ume қайырымдылық қорының президенті.

Асхат Нұрмашев Перизат Қайратқа аударылған 200 млн теңге мақсатты жұмсалғанына сенімді болып жүргенін, шын мәнінде, оны жымқырып кеткенін тергеу барысында бір-ақ білгенін атап өтті.

Бұған дейін, Asar-Ume қорының басшысы өзіне 1 млн теңге жалақы белгілегенде неге сүйенгенін айтқан.

Сондай-ақ оқыңыз