Су шаруашылығы саласындағы 25 мың маманның жалақысы өсті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Су шаруашылығы саласындағы 25 мың маманның жалақысы өсті
Су шаруашылығы саласындағы 25 мың маманның жалақысы өсті/Фото: shutterstock

Жыл басынан бері «Қазсушар» кәсіпорнының 279 маусымдық жұмыскері тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілген. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова мәлім еткен.

Ләззат Жүсіпова жақын арада кәсіпорын штатына тағы 146 адам қабылданатынын атап өтті. Осылайша, кәсіпорынның барлық 425 маусымдық жұмыскері тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Сонымен қатар су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы электр энергетикасы салаларындағы мамандардың еңбекақысымен теңестіріледі. Биыл маусымда президент тиісті заңға оған қол қойған. Нәтижесінде су саласы қызметкерлерінің жалақысы өскен.

«1 шілдеден бастап «Қазсушар» қызметкерлерінің еңбекақысы артты. Жалпы алғанда, бұл өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызмет көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын көтеруге мүмкіндік береді. Аймақтарға және статистикалық деректерге байланысты еңбекақы орта есеппен 35-50 пайызға жылу және электр энергетикасы саласындағы мамандар деңгейіне дейін өседі», – деді Жүсіпова.

Оның айтуынша, бұл су шаруашылығы саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, салаға білікті мамандарды көбірек тартуға сеп болады.

Бұған дейін, ауыл мәртебесінен қала мәртебесіне өткенде жалақысының бір бөлігінен айырылған мамандардың еңбекақысына 25 пайыз үстемеақы қосылатынын хабарлағанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз