Жаңалықтар

Банктердің кәсіпкерлер мен халыққа берген кредиті 39 трлн теңгеге жетті

кредит
халық / коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Аружан Махсотова

2025 жылдың маусым айында екінші деңгейлі банктер экономикаға 36,3 трлн теңге несие берген. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 2,3%-ға немесе шамамен 800 млрд теңгеге көп. Бизнес пен халықтың алған несиесі жалпы ішкі өнімнің 28 пайызына жетті.

Несиенің басым бөлігі теңгемен берілген, Маусым айының соңына қарай теңгемен берілген несие көлемі 33,4 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен аймен салыстырғанда 1,9%-ға артық.

Ал шетел валютасындағы несие көлемі 2,9 трлн теңгені құрап, бір ай ішінде 6,4%-ға өсті. Яғни, теңгемен берілген несие өсу қарқыны бойынша сәл баяу болса да, жалпы көлем жағынан басым болып отыр.

Мерзімі жағынан қарасақ, ұзақ мерзімді несиелер әлі де негізгі үлеске ие. Маусымда олардың көлемі 31 трлн теңгеден асты. Бұл – барлық несиенің 85%-ға жуығы.

Ұзақ мерзімді несиелер бір айда 2,1%-ға артқан. Ал қысқа мерзімді несиелердің көлемі де 3,1%-ға өсіп, 5,3 трлн теңгені құрады.

38,8 трлн теңгенің 22,6 трлн теңгесі халықтың алған кредиті болса, бизнестің алған қарызы 16,3 трлн теңгені құрайды,

.