Samsung компаниясы Tesla-ға 16,5 млрд долларға чип сатпақ

Оңтүстіккореялық Samsung Electronics АҚШ-тың Tesla компаниясымен микрочип жеткізу жөнінде келісім жасады. Келісім құны – 16,5 млрд доллар.
Samsung компаниясының хабарлауынша, келісімшарт 2033 жылдың соңына дейін жарамды.
Tesla басшысы Илон Масктің айтуынша, жаңа буындағы AI6 чиптері АҚШ-тың Техас штатындағы жаңа зауыттан жеткізіледі. Ол бұл келісімді «стратегиялық маңызы зор» деп атап өтті. Болашақта келісім сомасы 16,5 млрд доллардан асып кетуі мүмкін.
Осы жаңалықтан кейін, Samsung акциялары 6,8%-ға өсті. Bloomberg Intelligence сарапшыларының бағалауынша, бұл келісім компанияның чип өндіретін бөлімінің жылдық табысын 10%-ға арттыруы мүмкін.
Бұған дейін Илон Маск Samsung Tesla компаниясын жаңа буын AI6 чиптерін шығаруға көмектесетінін мәлімдеген.