Субсидия алған шаруалар енді мемлекет қаржысының тиімді жұмсалғанын дәлелдеуге тиіс

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Субсидия алуға қатысты жаңа талап енгізілді/ Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда ауыл шаруашылығын субсидиялау жүйесіне жаңа талаптар енгізілді. Енді мемлекеттік қолдау алған фермерлер мен агрокәсіпорындар сол қаражаттың қаншалықты тиімді жұмсалғанын дәлелдеуі керек.

Бұл өзгерістер Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) ұсынымы негізінде заңнамалық деңгейде бекітілді. Палата 2023 жылдың соңында ауыл шаруашылығын субсидиялауға бөлінген бюджет қаржысының тиімділігіне аудит жүргізіп, бірқатар ұсыныс берген.

Соның нәтижесінде 2025 жылғы 12 маусымда «Аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері» жөніндегі заңға тиісті түзетулер енгізілді.

Жаңа талап бойынша агросубсидия алушылар енді нақты нәтиже көрсетуі тиіс. Мысалы, өндіріс көлемінің артуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы немесе еңбек өнімділігінің өсуі секілді көрсеткіштер арқылы мемлекет қаржысының тиімділігі дәлелденуі керек.

Мұндай қадам ауыл шаруашылығына бөлінетін қаражаттың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бұған дейін аудиторлар Қаржы министрлігінің артық бағалы қағаз шығаруы бюджетке 124 млрд шығын әкелуі мүмкін екенін анықтаған.

Сондай-ақ оқыңыз