Тарихта жоқ қарқын: S&P 500 төрт рет рекорд жаңартты

Жарияланды 28 Шілде 2025 07:55

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нұрсұлтан Ерболатұлы

Тарихта жоқ қарқын: S&P 500 төрт рет рекорд жаңартты / Фото: коллаж kursiv.media

Қор нарығында өткен апта жаңалық пен оптимизмге толы өтті. Әлемдегі негізгі  индекстер оң динамикада, мұнай бағасына қысым мен ФРЖ-ның көптен күткен пайыздық ставкасына қатысты шиеленіс көбейіп жатыр. Ұлттық валютамызға қысым артып келеді.   

S&P 500 — тарихи максимумдарды жаңартуда

АҚШ нарығындағы негізгі индекс — S&P 500 апта басынан бері 1,2%-ға өсіп, 6 388 пункт деңгейінде жаңа тарихи максимумға жетті. Жеті күнде бұл индекс 4 рет рекорд жаңартты. Техникалық тұрғыдан бенчмарк 6450 пунктке дейін көтерілуі мүмкін, бірақ сол деңгейде түзету де басталуы ықтимал.

Оптимизмнің басты себептері:

  • Қаржы министрі Скотт Бессенттің ФРС төрағасы Джером Пауэллге қолдау білдіруі;
  • Дональд Трамптың Жапониямен «ірі келісім» туралы мәлімдемесі;
  • Alphabet (GOOG) және Tesla (TSLA) компанияларының Уолл-стрит болжамдарынан жоғары есеп беруі (Tesla-ның есебінде кейбір проблемалар көрінді — Масктың саяси белсенділігі де әсер етуде);
  • Құрама Штаттарда PMI деректері жарияланды: өндіріс төмендесе де, қызмет көрсету секторы айтарлықтай көтерілді. Композиттік индекс 52,9-дан 54,6 пунктке дейін өсті, бұл экономиканың мықтылығын көрсетеді.
Инфорграфика kursiv.media, бильд-редактор Нұрсұлтан Ерболатұлы

Нарық күтуде — келесі апта шешуші болмақ

Келесі апта аса маңызды жаңалықтарға толы:

  • ФРЖ отырысы — басты шиеленіс Пауэллдің «дұрыс» шешімі болмақ;
  • АҚШ-тың ВВП, Nonfarm Payrolls, PCE көрсеткіштері;
  • Технологиялық алыптар: Microsoft, Meta, Apple және Amazon компанияларының есептері жарияланады.

Бұл факторлар нарық бағытын айқындамақ. Егер ФРЖ шешімі күткеннен ауытқыса, нарықты «үлкен төрттік» (MSFT, META, AAPL, AMZN) ұстап тұруы мүмкін.

Мұнай мен алтын — қысымда

Brent мұнайы аптаны 68,48 доллар деңгейінде аяқтап, -1,23% жоғалтты. Нарықта техникалық әлсіздік сақталуда. Қазіргі қолдау аймағы 71–73 доллар, ал келесі қарсылық 81–83 доллар аралығында. Егер бұл шекте ұстай алмаса, 61–63 доллар шамасына төмендеу қаупі бар.

Алтын — жазғы тұрақсыздықта. Бағасы 3 330,6 доллар болып, -0,67%-ға төмендеді. Қазір 3 230–3 450 доллар төңірегінде ауытқып тұр. Бұдан шығу ықтималдығы тамыз ортасына қарай артады.

Bitcoin — шамалы түзету

Криптовалюта нарығында Bitcoin 117 328,68 доллар шамасында, апталық төмендеу -0,51%. Инвесторлар ірі қозғалысты күтуде, бірақ әлі нақты бағыт байқалмайды

Қазақстан: KASE индексі +3,29% өсіп, 6 468,04 пунктке жетті

KASE индексі айтарлықтай нығайып, 3,29%-ға өсті. Компаниялар ішінде ең көп өсім көрсеткендер:

  • Halyk Bank (HSBK) – +4,69%
  • Kaspi.kz (KSPI) – +2,38%
  • ҚазМұнайГаз (KMGZ) – +2,73%
  • KAZ Minerals (KZAP) – +1,72%

Керісінше, әлсірегендер қатарында:

  • KZTK – -1,23%
  • KCEL – -0,80%
  • FRHC – -0,58%
  • AIRA – -0,45%

 Қытай — тұрақты өсім байқалады

  • Hang Seng — 25 388,36 | +2,55%
  • Shanghai Composite — 3 593,65 | +2,11%

Қытай қор нарығы оң аймаққа шықты. Инвесторлар үкіметтің ынталандыру шараларына сеніп отыр. Сонымен қатар, юань бағамының тұрақтануы да сенімділік беруде.

 Ресей

  • МосБиржа (MOEX) — 2 772,39 | +0,51%

Ресейлік нарық апта ішінде шамалы ғана көтерілді. Бұл өсім көбіне шикізат бағасының сәл тұрақтануымен байланысты. Бірақ санкциялық қысым мен капитал ағындары мәселесі инвесторлардың тәуекелге баруын шектеп тұр.

 Ұлыбритания

  • FTSE 100 — 9 120,31 | +1,65%

Ұлыбританияның FTSE индексі де айтарлықтай көтерілді. Бұған инфляция қарқынының баяулауы және ішкі корпоративтік есептер түрткі болды. Банк секторы да оң нәтижелер көрсетуде.

Бұл апта инвесторлар үшін табысты болды, бірақ алда маңызды кезең күтіп тұр. Теңге әлсіреуін жалғастыруда — бұл Ұлттық Банк пен үкімет үшін үлкен сын. АҚШ пен әлем нарығы өсіп жатса да, ішкі факторлар KASE және теңге нарығына әсер етпей қоймайды.

Келесі апта шешуші болады. Инвесторлар Пауэллдің мәлімдемесін, макро көрсеткіштер мен технологиялық алыптардың есебін асыға күтуде.

Сондай-ақ оқыңыз