IL’HAN: Әніміз релизге дейін-ақ Telegram арқылы тарап кетеді

Жарияланды 28 Шілде 2025 11:28

IL’HAN: Әніміз релизге дейін-ақ Telegram арқылы тарап кетеді / Фото: Айқап подкасты

Әнші, музыкант IL’HAN (Ильхан Ихсан) бұл туралы «Айқап» подкастында айтты. Оның айтуынша, альбомдардың мерзімінен бұрын таралуы – уақыт белдеуіне және платформалар арасындағы айырмашылықтарға байланысты.

«Бүкіл әлем бойынша релиз бір уақытта ашылады. Бірақ Қытайдың стриминг платформаларында уақыт айырмасына байланысты әндер 5-6 сағат бұрын қолжетімді болады екен. Кей азаматтар құрылғысын Қытайға тіркеп алады да, сол жақтан бірінші тыңдап, Telegram каналдарына жүктейді», — дейді IL’HAN.

Ол альбомының релизге аз қалғанда Telegram-да 1500 теңгеге сатылғанын айтып қынжылды:

«Әр әнді жеке альбом сияқты «Ильхан 1», «Ильхан 2» деп жариялапты. Арнайы Telegram каналда «1500 теңге төлесең, тыңдай аласың» деп ашық жазып қойған. Бұл кезде жеті бейнебаяным әлі шықпаған, альбом да ресми түрде жарияланбаған еді. Мен тыңдармандардан реакция күтіп отырсам, TikTok-та адамдар бөлісе бастап кеткен».

Ильхан бұл істі ұйымдастырған адамды іздегенін де айтты, бірақ табу мүмкін болмаған:

«Жаздық, іздедік, бірақ таппадық. Мұндай жағдай бұрын да болған – Садраддин екеуміздің көптеген әніміз осылай релизге дейін тарап кеткен».

Сондай-ақ оқыңыз